Басты IT оқиғалардың ортасында

ҚӨУ – елдегі басты IT оқиғалардың ортасында. Университетіміздің командасы Астанадағы HackAlem AI хакатонына қатысуға дайын!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары, студенттері мен магистранттары елордаға келіп, «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан ауқымды HackAlem AI Hackathon алаңына қосылды.

Бұл – инновация әлеміне еніп, жаңа идеялармен шабыттануға, еліміздің үздік әзірлеушілерімен тәжірибе алмасуға және жасанды интеллект саласындағы білімдерін тәжірибеде сынауға берілген бірегей мүмкіндік.

Астанада университетіміздің намысын кімдер қорғайды?

Тәлімгерлер:

Студенттер мен магистранттар:

Жастар үшін бұл – IT саласындағы дағдыларын шыңдап, жаңа достар тауып, нағыз хакатонның ерекше атмосферасын сезініп, технология әлеміндегі тың идеяларға серпін алуға тамаша мүмкіндік!

Командамызға сәттілік серік болсын.

Қызықты тапсырмалар, жарқын эмоциялар, сәтті жобалар мен әсерлі таныстырылымдар тілейміз.

Алға, жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге!

Қабылдау комиссиясы