РЕКТОРМЕН ашық диалогта

Baitursynuly University ректоры Сеитбек Қуанышбаев ҚӨУ-дың экономика және құқық, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесу барысында университетті дамыту, білім беру үдерісінің сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және материалдық-техникалық базаны нығайтуға қатысты өзекті мәселелер сөз болды.

Заманауи білім беру және цифрлық технологияларды енгізу, оқу және ғылыми қызметте жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, оқытушылардың ғылыми жарияланым белсенділігін арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ректор университет қызметінің негізгі басымдықтарына тоқталып, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу кәсібилікке, жауапкершілікке және бүкіл ұжымның бірлескен еңбегіне байланысты екенін атап өтті.

Кездесу барысында оқытушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, ҚӨУ-дың алдағы дамуына қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу ашық әрі сындарлы диалог форматында өтті.

Қабылдау комиссиясы