Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы практик-педагогтарға инклюзивті білім беруді ілгерілету және ғылыми-әдістемелік көмек көрсету жөніндегі Ресурстық орталық ретінде жұмыс істей бастайды.
Жұмыс оқу ордамыздың Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтытың «Педагогика, психология және арнайы білім беру» кафедрасымен бірлесіп, студенттерге оқу алаңдары ретінде белсенді түрде қолданылатын зертханаларда жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Орталық мамандары кафедра оқытушыларымен бірлесіп Қостанай облысы, Қостанай ауданындағы Нечаевская негізгі мектебінде педагогикалық экспериментті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысып жатыр.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқытудың инклюзивті тәсілі аясында мектеп мұғалімдері бірқатар сабақтарды ҚӨУ педагогикалық институтының зертханаларында өткізеді.
Бірінші сабақ өтті, балалар жаңа ортамен, оның даму мүмкіндіктерімен аса қызығушылықпен танысты.









