Қостанай облысы әкімдігіне қарасты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның өкілдері ҚӨУ студенттерімен кездесті.
Мақсат – құмар ойындарға тәуелділік, делдалдық және тәуелділіктің бірнеше түрлерімен байланысты маңызды тақырыптарды түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында қаржылық және мінез-құлық қауіптерге саналы және жауапты көзқарасты қалыптастыру
Кездесудің спикерлері:
Студенттерге тәуелділіктің механизмдері, құмар ойындар мен күмәнді делдалдық платформалардағы қауіптер, проблемалық жағдайларды ерте анықтау жолдары түсіндірілді.
Студенттер мен университет қызметкерлері белсенділік танытты, түрлі сұрақтар қойды, өмірде болған жағдайларды талқылап, алдын алу шараларын айқындап алды. Бір сөзбен айтқанда, кездесудің шын мәнінде жанды және мазмұнды өтуіне ат салысты.
Спикерлерге ашық сұхбат барысында бүгінгі жастар арасында белең алған індет туралы кәсіби түрде түсіндіріп бергендері үшін алғыс айтамыз.





