object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-06 11:12:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Айтулы профессормен кездесу

Бүгін Островский атындағы Қостанай қалалық кітапханасында 80 жасқа толуына орай тарихшы ғалым, ұстаз Аманжол Күзембайұлымен кездесу өтті.

Baitursynuly University тарих кафедрасының профессоры жарты ғасырдан астам уақыт ғылым мен білім саласына талмай қызмет етті. Ғалым-ұстаз 50-ден астам монография, оқулықтарын, оқу құралдарын қосқанда 500-ден аса ғылыми еңбектердің, мақалалардың авторы.

Басқосуда ғалымның өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды, әсіресе, Қазақстан тарихын зерттеуде, оны Тәуелсіздік алған жылдары жаңа көзқараспен жазудағы жерлесіміздің қомақты үлесіне баса маңыз берілді. Кездесуге қатысушылар, оның ішінде оқырмандар мен жас тарихшылар ғалым ұстаз жазған оқулықтарды және басқа еңбектерін оқу мен ізденіс жұмыстарына жиі пайдаланатындығын айтып, алғыс білдірді.

Профессор жақында ғылым мен оқытушылық қызметінде жеткен жетістіктері үшін Республика Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл марапат ғалымның ұлтымыз, мемлекетіміз тарихындағы бұрмаланып келген мәселелерді, ақтаңдақтарды ғылыми тұрғыдан қайта жазуға, ғылым мен білім саласын дамытуға қосқан үлесіне берілген жоғары баға деп білеміз.

Материалды дайындағандар: ҚӨУ Журналистика және комуникациялық менджмент кафедрасының 1курс студенттері Нұрай Талап, Аружан Қамбарова..

Қабылдау комиссиясы