XIII жазғы Универсиадада Baitursynuly University жеңіл атлетика командасы бірден бірнеше медаль жеңіп алды!
Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында Халықаралық туризм және меймандостық университетінде (Түркістан қ.) 17 спорт түрінен жарыстар өтіп жатыр.
Бұл ауқымды спорттық шараға еліміздің 76 жоғары оқу орнынан 4 000-нан астам студент қатысуда.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінен (ҚӨУ) 10 студент қатысып жатыр. Жігіттер дзюдо, жеңіл атлетика және бадминтон спорт түрлері бойынша бақ сынауда.
Жеңіл атлетика бағыты бойынша студенттеріміз жоғары дайындық деңгейін көрсетті!
4×100 м эстафетасында ҚӨУ командасы төрт қола медаль жеңіп алды (Савелий Баратаев, Данил Бесчастный, Арсений Каленин, Әділ Тоқанов).
Ал студентіміз Даур Доспулов 1500 м қашықтықта күміс жүлдегер атанды!
Жүлдегерлер педагогикалық институт пен экономика және құқық факультеттерінің атынан өнер көрсетті.
ҚӨУ делегациясының басшысы – циклдік спорт түрлерінің жетекшісі, жеңіл атлетика жаттықтырушысы Рахима Ибраева.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Тек биіктерден көріне беріңіздер! Сендермен мақтанамыз, біздің құрметті спортшылар!