ҚӨУ-нің ТАБИҒАТҚА үлесі

ҚӨУ«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдады.

Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары, студенттері және қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында Қостанай қаласындағы Триатлон паркінде өткен экологиялық акцияға белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар парк аумағын абаттандыруға үлес қосып, жас көшеттер отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Акция қаланың жасыл қорын арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев телемост арқылы қатысып, бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Ол Астана қаласындағы саябақтардың бірінде ағаш отырғызуға қатысты.

Жалпыұлттық акцияның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамның экологиялық жауапкершілігін арттыру.

</p

</p

Қабылдау комиссиясы