Skip to content

АҚШ Елшілігі мен ҚӨУ: ынтымақтастық перспективалары

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне АҚШ елшілігінің мәдениет және білім жөніндегі атташесі Эмбер Ора келді. Университет басшылығы мен АҚШ Елшілігі өкілдерінің кездесуі университеттің Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен халықаралық ынтымақтастығы аясында өтті.

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і АҚШ елшілігімен берік қарым-қатынас орнатқанын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, ынтымақтастық Fulbright Teacher Assistant, UniCEN бағдарламалары аясында жүзеге асырылады, олар бірінші кезекте ағылшын тілін оқыту әдістерін жетілдіруге, KazTEA конференциясына қатысуға (Kazti) және басқа да көптеген жобаларға бағытталған.

Биылғы оқу жылында Fulbright Teacher Assistant бағдарламасы бойынша шетел тілдері кафедрасында Элизабет Олгуин (Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында) және Анежка Бойле (П. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының шетел филологиясы кафедрасында) ағылшын тілінен сабақ береді.

Сонымен қатар, университет оқытушылары Оклахома университетімен – Норман Кампус және Вустер политехникалық институтымен бірнеше бірлескен жобаларға қатысады. Осы жобалар аясында біздің ғалымдар жаңартылатын энергия көздері және қоршаған ортаны қорғау саласындағы дәлелді оқыту бағдарламаларын әзірлеуге қатысуда және әзірленген жаңа онлайн курс магистратура бағдарламасына енгізілетін болады. Ал Америка тарабы серіктес университеттерде қазақ тілі курстарын енгізуге ниет білдірді.Кездесуде ҚӨУ мен АҚШ университеттері арасындағы ынтымақтастықтың одан арғы перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, студенттердің академиялық ұтқырлығы, ғалымдардың, докторанттардың, магистранттардың стипендиялық бағдарламалар шеңберінде тағылымдамадан өту мәселелері сөз болды.

Америка елшілігі өкілдерімен кездесуге А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Басқарма төрағасы–ректорының м.а. Ербол Исақаев, институт директорлары мен проректор қатысты.

Екі жақ та өзара ынтымақтастық мамандар даярлау сапасын арттыруға және аймақтың, жалпы еліміздің экономикасын ағылшын тілінде жақсы білімі мен дағдысы бар білікті мамандармен қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Қабылдау комиссиясы