object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-16 15:18:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арнарған пәндік олимпиада

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы 2022 жылдың 29 сәуірінде 5В011400 - «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша XІІI Республикалық студенттердің пәндік онлайн олимпиадасын өткізді.

Студенттердің тарих пәні бойынша шығармашылық қабілеттерін ашып көрсету, дарынды студенттерге қолдау көрсету, студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, ғылым кеңістігіне талпыныстарын дамытуға бағытталған бұл олимпиадаға еліміздің барлық аймағынан 12 команда қатысты. Әр команда 1 жетекші және төрт студенттен құрылды.

Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орын алған Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне 2023 жылы, келесі олимпиаданы өткізу құқы ресми түрде берілді.

Білім додасының жеңімпаздары А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ректорының сертификаттарымен, алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды. Сондай-ақ ақшалай сыйлыққа ие болды. Мәселен: 1-ші орынды жеңіп алған Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің командасына жүз мың теңге, 2-ші орын алған екі команда, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті мен Шәкәрім атындағы Семей университеті студенттерінің командаларына жетпіс мың, ал 3-ші орын алған үш команда, Батыс Қазастан инновациялық-технологиялық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті студенттеріне елу мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталды.

Казақстан тарихы кафедрасы ұжымы XІІI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына қатысқан барлық студенттерге, олардың жетекшілеріне, әділ-қазылар алқасына төрелік еткен «Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» директоры, тарих пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Ырысалды Келінбердиеваға және олимпияданы ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ректор Исақаев Марат Ерболұлына алғыс білдіреді.

Қабылдау комиссиясы