Бүгін Baitursynuly University бас корпусында Иван Терновой атындағы дәрісхана ашылды
Мұнда жаңа оқу жылында болашақ тарихшыларға сабақ өтетін болады.
Бұл шара Иван Кондратьевичтің мерейтойына орайластырылды. Қадірлі ұстаз, профессор, ғалым, біздің өлкеміздің тарихы туралы бірқатар кітаптардың авторы осы жазда 90 жасқа толады.
Білім ордасындағы дәрісхананың ашылу салтанатына тарихи, педагогикалық қоғамдастықтың, архив, өңірдегі жоғары оқу орындарының өкілдері және мерейтой иесі туыстарымен қатысты. ⠀
Иван Кондратьевич жаңа дәрісханаға Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаевпен бірінші болып кірді. Жиналғандар партаға отырды, дәрісхана ішіне айнала қараған соң : «Нағыз студент сияқтымыз» деп күліп жатты
Салтанатты басқосуда облыстық архивтен көпшілік назарына профессор Терновойдың өмірбаяны ұсынылды. Ол 1957 жылы студент болды. Пединститут оның өмірінің бөлінбейтін бөлшегіне айналды. ⠀
Осы жерде Иван Терновой қызмет мансабын оқытушылықтан⠀бастады. Кейін кафедра меңгерушісі, факультет деканы, проректор болды және ұзақ жылдар Қостанай педагогикалық институтын басқарды.
Мәжит Шүленов, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары:⠀
– Қала әкімі Марат Жүндібаевтың (айтпақшы, сіздің студентіңіздің) тапсырмасымен Иван Кондратьевич, Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын. Сізді университетте соншалықты жылы, ақ көңілмен қарсы алғанының куә болып тұрмын. Сізді жақсы көреді, құрметтейді, оған сіз әбден лайықтысыз, – деді.
– Иван Кондратьевич біздің университеттің және өңірдегі білім жүйесінің дамуына көп еңбек сіңірді. Біз бұған өте ризамыз және мерейтойға біздің құрметті ұстазымыз атындағы дәрісхана ашуды дұрыс деп таптық. Толқын-толқын келетін студенттер сізді және сіздің мұраңызды ұмытпайды, – деді де, Сейтбек Бекенұлы мерейтой иесіне қарады. – Қане, сіздің 100 жылдығыңызда өзіңіздің дәрісханаңызда міндетті түрде кездесетін болайық!