object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-02 14:58:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

BES: озық ИНЖЕНЕРЛІК мектептер

Астанада озық инженерлік мектептерді (BES) дамыту тұжырымдамасы талқылануда.

16-17 сәуір күндері Astana IT University базасында Озық инженерлік мектептерді (BES) құру тұжырымдамасын талқылау өтуде. Бұл маңызды іс-шараға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ де кіретін 10 өңірлік жоғары оқу орнының өкілдері қатысуда.

Ғылым мен технология саласындағы жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білімнің басты міндеттерінің бірі – жаңа буындағы инженер мамандарын даярлау болып отыр. Заманауи инженер тек кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар жобалық және пәнаралық ойлау қабілеті бар, бизнес-процестерді түсінетін, өзгерістерге дайын көшбасшы болуы тиіс.

Әлемдік тәжірибе – MIT, Мюнхен техникалық университеті, KAIST сияқты жетекші университеттердің үлгісі – мамандандырылған инженерлік мектептердің жоғары тиімділігін көрсетіп отыр. Мұндай мектептер жобалық оқытуға, икемді білім траекторияларына және өндіріс орындарымен тығыз ынтымақтастыққа негізделеді.

BES тұжырымдамасы аймақтық ерекшеліктерге ерекше мән береді. Мәселен, өндірістік және аграрлық әлеуеті зор Қостанай облысына негізгі салаларды тұрақты дамыту үшін жоғары білікті мамандар қажет. Baitursynuly University бұл жобаны жүзеге асыратын барлық мүмкіндіктер бар: заманауи ғылыми базасы, инженерлік бағдарламаларды әзірлеу тәжірибесі және жергілікті кәсіпорындармен табысты әріптестік.

ҚӨУ базасында BES құру – өңірдегі инженерлік білім сапасын арттырып, нақты экономикалық мәселелерді шеше алатын, инновацияларды енгізе алатын және аймақтың тұрақты дамуына үлес қоса алатын мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы