object(DateTime)#1052 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-19 02:37:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Практик мұғалімдердің баға жетпес тәжірибесі

ҚӨУ педагогикалық институтының Жаратылыстану пәндері кафедрасында Қостанай қаласының тәжірибелі мұғалімдері дәріс оқыды.

Дәрістерді «Химия – Биология», «Биология», «Химия» білім беру бағдарламаларының 3-ші және 4-ші курс студенттері тыңдады.

Практикаға бағытталған іс-шараның тақырыбы – «Мұғалім мамандығы: тәжірибе, қиындықтар және даму жолдары».

Мақсат – жаратылыстану пәндерін оқытудың өзекті тенденцияларын қарастырып, болашақ педагогтарды тәжірибелі мамандардың үлгісі арқылы жігерлендіру.

Дәрістерді Назарбаев Зияткерлік мектебінің (Қостанай қ.) мұғалімдері жүргізді:

Педагогтар мектептегі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, заманауи педагогикалық технологияларды талдау, тәжірибе жүргізу және нәтижелерді визуализациялау тәсілдерін тиімді пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Jacobs Selwyn биология пәнін зерттеу арқылы студенттердің ғылыми қызығушылығы мен қиялын қалай дамытатынын нақты мысалдармен дәлелдеді.

Гульмира Конспаева 11–12 сыныптардағы күрделі химия тақырыптарын оқытуда ойын әдістері мен сыни ойлау технологияларын тиімді қолданатыны туралы баяндады.

Алия Нурушева сабақтарда тапсырмалар құру кезінде дифференциация принциптері мен оның түрлеріне ерекше мән беретінін жеткізді.

Мұғалімдер оқыту үдерісінде ЖИ бағдарламаларын құрал ретінде пайдаланудың маңыздылығына тоқталды.

Студенттер белсенді қатысып, мұғалімдермен пікір алмасты. Кездесу нәтижелі өтті.

Қабылдау комиссиясы