ҚӨУ-дің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің 1–3 курс тарихшы студенттері мен оқытушыларына PhD Candidate of Anthropology (антропология мамандығы бойынша PhD доктор) онлайн форматта «Цифрлық археология» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс «Археологиядағы цифрлық технологиялар» пәні аясында ұйымдастырылды.
Дәріс басталар алдында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Серікжан Исмаилов қазіргі заманғы археологиялық зерттеулердегі цифрландырудың шешуші рөлін атап өтті.
Кафедра оқытушысы Алмас Жалелов цифрлық археологияның қалыптасу тарихына шолу жасап, оның Қазақстандағы қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын сипаттады.
Джек Бернер өз баяндамасында АҚШ-тағы археологиялық зерттеулерге шолу жасап, археологиялық ескерткіштерді зерттеу барысында цифрлық әдістерді, ГИС-технологияларды және жасанды интеллектті қолдану бойынша жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол Калифорния, Анд таулы жүйесі мен Орталық Азия елдеріндегі зерттеулеріне, сондай-ақ Қостанай облысындағы Камысты және Бестамақ ескерткіштерінде жүргізген экспедициясына ерекше назар аударды.
Ұсынылған зерттеулер лектордың ГИС пен цифрлық технологияларды пайдалана отырып урбанизм мен урбандалған ландшафттарды зерттеуге арналған ғылыми тақырыбымен тікелей байланысты.
Онлайн-дәріс қатысушылардың зор қызығушылығын тудырып, археологияда заманауи цифрлық зерттеу әдістері мен жасанды интеллект технологияларын қолданудың шетелдік тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.











