2026 жылдың 12 наурызында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ бас ғимаратының конференц-залында факультет декандары мен кафедра меңгерушілеріне арналған «Қос дипломды білім беру бағдарламалары туралы ережені түсіндіру» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Іс-шара халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және трансұлттық білім берудің заманауи үлгілерін енгізуге бағытталған British Council жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинар – осы жоба шеңберінде университетте өткізілген екінші іс-шара.
Оның мақсаты – қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру қағидаттары бойынша ортақ түсінік қалыптастыру, сондай-ақ университетте тиісті Ережені енгізу тетіктерін талқылау.
Семинарға қатысушыларды ҚӨУ-дың академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева құттықтау сөзімен қарсы алды.
Ол университетті интернационалдандыру, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және студенттердің академиялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін қос дипломды бағдарламаларды дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті.
Семинар барысында ҚӨУ-дың академиялық саясат жəне оқу іс-əрекеті басқармасының басшысы Гүлнара Исмаилова «Қос дипломды білім беру бағдарламасы: тұжырымдама, құндылық және сын-қатерлер» тақырыбында баяндама жасады.
Онда қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асырудың халықаралық тәжірибелері, олардың трансұлттық білім беруді дамытудағы және университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі қарастырылды
Сонымен қатар, мұндай бағдарламаларды әзірлеуде институционалдық тәсілдің маңыздылығы мен университеттің ішкі нормативтік базасын қалыптастыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Семинардың жеке бөлімі қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеудің өмірлік циклін талқылауға арналды. Бұл цикл бағдарламаның тұжырымдамасын қалыптастыру мен оның тиімділігін талдаудан бастап, нәтижесін бағалау мен одан әрі жетілдіруге дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесімен кафедра меңгерушілері Ольга Бижанова мен Мақпал Бекмағамбетова бөлісті. Олар университетте жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың үлгілері мен олардың нәтижелерімен таныстырды.
Семинардың қорытынды бөлігінде ҚӨУ-де қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру және сүйемелдеу тәртібі туралы Ережені жүзеге асыру тетіктері қарастырылды. Аталған құжат шетелдік университеттермен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және іске қосу бойынша институционалдық алгоритмді айқындайды.
Өткізілген семинар қос дипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру принциптері бойынша ортақ түсінік қалыптастыруға, оларды енгізудің негізгі ұйымдастырушылық және академиялық тетіктерін анықтауға, сондай-ақ университеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы іс-қимылды үйлестіруге мүмкіндік берді.
Іс-шараның нәтижелері ҚӨУ-дың интернационалдануын одан әрі дамытуға және серіктестік жобаларды кеңейтуге негіз болады.








