object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 16:47:22.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

ENACTUS KAZAKHSTAN NATONAL-2022

12-13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «ENACTUS KAZAKHSTAN NATONAL EXPO-2022» жыл сайынғы студенттік және мектеп оқушыларының кәсіпкерлігі, стартаптар мен инновациялар Ұлттық кубогы өтті. ENACTUS – әлемнің 35 елінде көшбасшылық пен кәсіпкерлікті үйрететін тәжірибеге бағытталған ең ірі платформа.

Сайыс чемпионы биыл 30 қазан мен 2 қараша аралығында Пуэрто-Рикода өтетін ENACTUS әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды. Enactus әлем кубогы - әлемнің түкпір-түкпіріндегі бірнеше мың студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы.

Биыл алғаш рет аталмыш додаға қатысу үшін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Enactus Baitursynov University» командасы құрылды. Команда құрамы: 4 курс студенттері – Жасұлан Жолбарысов, Әділ Мұхамедяров; 2 курс студенттері - Әлішер Мирамов, Эрик Бусыгин, 1 курс студенті - Владимир Фоминов, топ эдвайзері - Нұрсұлтан Бекбаев.

Команданың жобасы – «AS Üİ – кондитерлік өнімдерді орналастыру алаңы». Сайтта сатушы кондитерлік өнімдердің түрлерін көрсете алады, ал тұтынушы өзіне қажеттісін таңдайды. Ол тұтынушыны табу және өнімді сату арқылы шағын бизнеске көмек береді.

Кубокқа қатысқан 51 университеттің ішінен Қостанай өңірлік университетінің командасы ширек финалға өтіп, ENACTUS Ұлттық лигасының келесі маусымына қатысуға жолдама алды.

Негізгі байқаудан басқа, ENACTUS демеушілерінің ұйымдастырған арнайы сайыстары да өтті. Осы іс-шаралардың бірінде біздің команда жеңіске жетіп, Beeline Қазақстан бизнес-инкубаторына шақыру алды, сондай-ақ олар осы күзде өтетін «Жарқын жақта өмір сүр» Ұлттық цифрлық стартап байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Егер сіз өзіңіздің қоғамыңыздың өміріне елеулі үлес қосуға ниетті болсаңыз, табысты мансап құру үшін қажетті тәжірибе, дағдылар жинақтап, Enactus Baitursynov University командасына қосылғыңыз келсе, @enactus_baitursynov Instagram парақшасына өтіп, Google формадағы өтінішті толтырыңыз.

Қабылдау комиссиясы