object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-15 15:53:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Бұл меморандум – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ үшін МАҢЫЗДЫ қадам

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ біліктіліктерді тану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды!

2025 жылғы 14 мамырда Astana International University базасында жоғары оқу орындары үшін «Біліктілікті тану және жоғары оқу орындарына арналған CIMEA негізгі цифрлық құралдары» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті, Ұлттық еңбек ресурстарын дамыту орталығы, Ұлттық Жоғары білім беруді дамыту орталығы және Erasmus+ Ұлттық кеңсесі бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара аясында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен Қазақстанның бес жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.ана.

Меморандумға қол қойған жоғары оқу орындары:

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті атынан меморандумға академиялық мәселелер жөніндегі проректор Эльмира Наурызбаева қол қойды.

Меморандумның мақсаты – еңбек ресурстарын дамыту ұлттық орталығымен өзара іс-қимылды нығайту, білім беру үдерісінде заманауи цифрлық шешімдерді енгізу және түлектердің кәсіби біліктіліктерін тануды жүзеге асыру.

Меморандум аясындағы негізгі бағыттар:

Меморандумға қол қою Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің білім беру бағдарламаларын жетілдіру және мамандар даярлау сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Біз бұл ынтымақтастық кадрлық әлеуетті дамытуға жаңа серпін беретініне және түлектеріміздің еңбек нарығында сұранысқа ие болуына жол ашатынына сенімдіміз.

Университеттер мен “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” АҚ арасындағы ынтымақтастық бағыттары:

  1. Skills Enbek платформасында оқу курстарының авторлары және әзірлеушілері ретінде қатысу.
  2. Құрылған курстарды білім беру бағдарламаларына интеграциялау - оқыту нәтижелерін тану, кредиттерді қайта есептеу және микро-біліктіліктерді растау мүмкіндігін қамтамасыз ету.
  3. Курстарды «Күміс университет» жобасы аясында орналастыру.

ЕРДО тарапынан: әдістемелік қолдау, сұраныс бойынша талдамалық ақпарат, білімді бағалау үшін прокторинг жүйесін пайдалана отырып тестілеу қызметтері.

НҚА (нормативтік-құқықтық актілер): Skills Enbek платформасын Bilim Land, open.kaznu.kz және open.kz платформаларымен қатар ресми ресурстар тізіміне енгізу ұсынылады. Бұл «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына үміткерлердің қызметін бағалау кезінде ескерілетін болады.

Қабылдау комиссиясы