HUAWEI ICT COMPETITION 2026–2027: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстанның 48 университетін қамтитын Huawei ICT Competition 2026–2027 Roadshow ауқымды білім беру турының алаңдарының біріне айналды.

Huawei халықаралық технологиялық компаниясының өкілдері университетімізге келіп, студенттермен кездесті. Кездесудің мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы халықаралық конкурсқа қатысу мүмкіндіктерімен таныстыру.

Кездесу барысында студенттер байқауға қатысу талаптары, іріктеу кезеңдері және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар алған білімдерін тәжірибеде қолдану және халықаралық деңгейде өз қабілеттерін көрсету жолдарымен танысты.

Huawei ICT Competition – өз дағдыларыңды сынап, құнды тәжірибе жинақтауға, заманауи технологияларды меңгеруге және әлемдік IT аренада өзіңді танытуға мүмкіндік беретін халықаралық байқау.

Мұндай кездесулер студенттерге жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, кәсіби тұрғыдан дамуға ынталандырады және цифрлық технологиялар саласында табысты мансапқа бастайтын алғашқы қадамдарын жасауға көмектеседі.

Қабылдау комиссиясы