object(DateTime)#1044 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-26 00:31:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Инженер – бұл жай МАМАНДЫҚ емес»

Бүгін Baitursynuly University-ге машина жасау саласының белгілі маманы – Kim Jin Ha (Оңтүстік Корея) келді.

Ол – KIA Russia and CIS, сондай-ақ KIA Motors Deutschland және KIA Motors Sweden бөлімшелерін басқарған тәжірибелі маман. Kim Jin Ha ҚӨУ студенттеріне өз жолы мен саладағы болашақ мүмкіндіктер жайлы әңгімелеп берді.

ТЕХНОПАРК

Қонақ сапарын технопарктен бастады. Машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Берген Калаков мейманға заманауи зертханаларды көрсетіп, студенттердің еңбектерін таныстырды.

Әсіресе жастардың өз қолымен құрастырған концептуалды автокөлігі қонақтың айрықша ықыласын оятты.

Қазақстанның машина жасаушылар күні құрметіне өткен дәрісте ол өмір жолы мен кәсіби тәжірибесін студенттерге әңгімелеп берді.

Kim Jin Ha атап еткендей, қазіргі студенттер технология, интернет және жасанды интеллект заманында халықаралық деңгейде дамып, бәсекеге қабілетті болуға әлдеқайда мол мүмкіндіктерге ие.

Қонақ тіпті университетте жаңа автокөлік үлгілерін жасауға арналған ғылыми-зерттеу орталығын ашуды армандайтынын айтып өтті.

 Спикердің айтуынша, инженер – көп оқып, еңбек етуге дайын адамдарға арналған мамандық. Ол студенттерге инженерлік журналдар мен кітаптарды, оның ішінде IEEE Spectrum басылымын оқуды ұсынды.

СТУДЕНТТЕР СҰРАҚТАРЫ

Неге Қазақстан?

– Қостанай тиімді әрі келешегі зор өңір ретінде таңдалды.

Бізде қандай модельдер шығарылмақ?

– Қазір K5 және Sorento, алдағы уақытта модельдік қатар нарық сұранысына қарай өзгеретін болады

Қандай кітаптарды оқуды ұсынасыз?

– Тізім деканат арқылы жеткізіледі.

Сондай-ақ, Kim Jin Ha ҚӨУ студенттерінің Оңтүстік Кореяда білім алуға мүмкіндігі барын еске салды.

2023 жылы біздің университет пен Dong-Eui University (Оңтүстік Корея) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді.

 «Сіздер машина жасау саласы дамып келе жатқан өңірде өмір сүріп отырсыздар. Мақсат қойып, тәжірибе жинап, халықаралық компанияларда еңбек етуге батыл қадам жасаңыздар», – деп қонақ кездесуді жігерлендіретін сөздермен аяқтады.

Қабылдау комиссиясы