ҚӨУ-де болашақ заңгерлерді даярлауды жетілдіру мәселесі талқыланды.
Baitursynuly University экономика және құқық факультетінің студенттері мен оқытушылары заң ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, Ч. Валиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Қасым Мауленовпен кездесті.
ҚӨУ-де ол «Қазақстандағы заңгерлік білім беруді жетілдіру» тақырыбында дәріс оқыды. Оқытушының сөзінше, барлық жоғары оқу орындарында заңгерлерді даярлау жоғары деңгейде емес. Алдыңғы қатарлы мәселелердің қатарында тәжірибенің аздығы, білім деңгейінің төмендігі және академиялық адалдықтағы кемшіліктер бар.
Мәселелерді шешу үшін жүйені халықаралық тәжірибеге сәйкес, ұлттық ерекшелікпен жаңғырту қажет. Профессордың айтуынша, өзгерістерді жүзеге асыру өз қолымызда. Осы жолда педагогтар мен студенттер сапалы заңгерлік білім қалыптастыруға және құқықтық мемлекеттің дамуына үлес қоса алады.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Нұрлыхан Темірбеков ҚӨУ қауымдастығы атынан Қасым Сырбаевичке білімі мен тәжірибесімен бөліскені үшін алғысын білдірді.