Бұл жолғы басқосу «Болашақ интеллект» балаларды дамыту қоры» қоғамдық қорында құрылған Қостанайдағы «Nova Kids» ерте дамыту орталығында өтті. Аталған орталық бүгінде мектепке дейінгі тәрбие саласында инклюзияны сәтті енгізіп, оң нәтиже көрсетіп келе жатқан бірегей мекен.
Жиынға ҚӨУ Ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры Александра Тегза, Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының жетекшісі Татьяна Зуева мен «Nova Kids» директоры Ольга Соловьева қатысты.
Білікті маман Салтанатпен бірлесе отырып, олар өңірдегі инклюзивті білім берудің тәжірибелік жағын күшейту және ерекше балаларға көрсетілетін тьюторлық қолдаудың сапасын арттыру жолдарын талқылады.
Жұмыс барысында әлеуметтік әріптестіктің түрлі форматтары қарастырылып, болашаққа бағдар жасалды.



