object(DateTime)#1056 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-23 21:58:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ және Allur: жаңа мүмкіндіктер көкжиегі

Бүгін Baitursynuly University қабырғасында Allur Жоғары инженерлік мектебінің инновациялық олаңының ашылуы өтті.

Бұл жоба өңірдің жетекші кәсіпорындарының бірі – Allur зауытымен бірлесе жүзеге асты.

Басты мақсат – елдің автокөлік өнеркәсібі мен инновациясын ілгерілететін жаңа буын инженерлерін тәрбиелеу

Қазір машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінде 100-ге жуық студент дуальды оқыту жүйесімен білім алуда.

Яғни, олар тек сабаққа қатысып қана қоймай, өндірісте тәжірибе жинап, алған білімін практикада пайдаланады.

Allur компаниясы университетпен орнаған берік серіктестіктің аясында бастаманы қолдап, оқу ғимаратының бір қанатын және бес оқу кабинетіне толық жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жаңа алаң қазіргі талаптарға сай қайта жасақталды: интерьер жаңарып, ыңғайлы жиһаздар орнатылды.

Алдағы уақытта кабинеттер заманауи жабдықтармен толықтырылып, қабырғаларға инженерлік рухты бейнелейтін креативті постерлер мен ақпараттық стендтер ілінбек.

Салтанатты лентаны қию мәртебесі «СарыаркаАвтоПром» ЖШС атқарушы директоры Арғұлан Майқонов пен ҚӨУ профессоры Аяп Құрмановқа бұйырды.

«Біздің түлектеріміздің бірі – Арғұлан университет бастамасын қолдап, игі істің жүзеге асуына себеп болды. Соның нәтижесінде бүгін біз осындай заманауи, қолайлы оқу орнын ашып отырмыз. Студенттеріміз сіздердің кәсіпорындарыңызда тәжірибеден өтіп, болашақта ел дамуына және отандық машина жасау саласының өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенемін», – деді Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев сөзінде.

Baitursynuly University – білім мен мүмкіндіктер тоғысқан орда. Мұнда студенттер терең білім алып, жетекші кәсіпорындарда тәжірибе жинақтап, халықаралық білім кеңістігінде өз әлеуетін арттыруда.

Allur, ҚӨУ атынан сіздерге мың алғыс!

Инженерлік білімнің дамуына серпін беріп, жас мамандарды қолдап жүргендеріңізге рақмет!

Қабылдау комиссиясы