object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-03 03:26:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚӨУ университеттер мен елдерді тоғыстырады

Baitursynuly University-де жаңа оқу жылы шетелдік ғалымдармен өткен жиыннан басталды.

ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев оқытушылармен және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен жүздесті. Атап айтқанда: Ян Мициньски (Вармия-Мазурский университеті, Польша), Ева Смэтанова (Братиславадағы Коменский университеті, Словакия), Ахмет Онур Гирисгин мен Артун Йыбар (Улудаг университеті, Түркия).

Кездесу ауыл шаруашылығы саласын дамыту жобасы аясында өтті. Мақсат – тәжірибе, білім алмасу және үш университеттің мүмкіндіктерін кеңейту. Жиын барысында қатысушылар Қостанай облысының, әсіресе аграрлық саласының, қарқынды даму үстінде екенін атап өтті. Сондықтан өңір үшін жаңа халықаралық жобалар аса өзекті.

Түркия, Словакия мен Польша ғалымдары биылғы күзде ҚӨУ ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің оқытушыларымен білім және практикалық тәжірибе бөлісуді жоспарлап отыр. Бұл ортақ ғылыми және білім беру жобаларының мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

«Берілген мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін. Ректор мен ұжымның еңбегінің арқасында университетте айтарлықтай өзгерістер жүзеге асуда. ҚӨУ өркендеу үстінде!», – деп ризашылығын жеткізді профессор Ян Мициньски.

Қабылдау комиссиясы