«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ББ-ның студенттері олимпиада жүлдегерлері

20-21 сәуірде Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында 6В01201-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІV Республикалық пәндік олимпиада өтті. Пәндік олимпиада болашақ тәрбиешелердің шығармашылық қабілеттерін, студенттердің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетіне қажетті білім мен білік деңгейін анықтауға бағытталды.

Пәндік олимпиада 5 сайыстан тұрды:

  1. «Тәрбиеші – ұлағатты тәрбиенің тірегі» - команданың өзін таныстыруы

 2.Сахналық қойылым. «Жалпыұлттық құндылықтарды көркем шығармаларда интеграциялау»

 3.Жобалар сайысы. «Студент қиялындағы болашақ» (үй тапсырмасы)

  1. «Болашақ маман шеберлігінен.....» практикалық байқауы
  2. «Білімді мыңды жығар...» теориялық байқауы.

Пәндік олимпиадаға барлығы 16 топ қатысты. ҚӨУ-нің атынан «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ББ-ның 3 курс студенттері Гүлдәурен Әуезхан, Камила Бакина, Ырыс Тұнғышбаева, Гүлдана Усайын қатысып, үшінші орынға ие болды. Студенттерді Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы Жадыра Сұлтанбекова бастап барды.

Қабылдау комиссиясы