Литва университетінің профессоры Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің өкілдерімен бірге Жітіқара ауданындағы кәсіпорындарды аралады.
Академиялық ұтқырлық аясында осы аптада ҚӨУ-де Ұлы Витаутас университетінің (Литва) профессоры жұмыс істей бастады. Влада Витунске ауылдық аумақтарды дамыту бойынша сарапшы және бұған дейін Литва Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Шетелдік ғалым ҚӨУ-нің экономика және заң факультетінің деканы Айдар Байкинмен және бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының меңгерушісі Лилия Байжановамен бірге Жітіқара ауданы әкімдігінде, сондай-ақ «Қостанай минералдары» АҚ өндіріс орнында, күн электр станциясы мен карьерді бақылау алаңында, политехникалық колледжде, салынып жатқан теннис орталығы мен өндірістік нысандарда, әсіресе Ecoline decing-те болды.
Сапар әріптестікті нығайту, тәжірибе алмасу және білім, өндіріс, сондай-ақ инновация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.
Влада Витунске Жітіқара ауданының даму қарқынына жоғары баға берді.








