Baitursynuly University-дің педагогтары Камерино университетінің (Италия) өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді.
⠀
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің ветеринариялық медицина, ветеринариялық санитария мен азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедраларының оқытушылары ҚӨУ-дің Интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасымен бірге шетелдік әріптестермен маңызды мәселелерді жан-жақты талқылады.
⠀
Кездесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ магистранттар, докторанттар мен оқытушылардың Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Шетелдік әріптестер Қазақстандағы жылқы шаруашылығын дамыту және мал өсіру тақырыптарына ерекше көңіл бөлді.
⠀
Екі жақ та ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қоюға және Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде бірлескен жобаларды іске асыруға ниеттерін білдірді.