Жаңа мүмкіндіктерге жол. Маниладан!

Baitursynuly University түлегі Виталий Руднев «Азия–Еуропа» халықаралық форумына қатысып қайтты.

Бұл алқалы жиын Филиппиннің Манила қаласында Азиаттық-Еуропалық қор (ASEF) бастамасымен ұйымдастырылды.

Форумға Шығыс Азия мен Еуропаның бірқатар елдері қатысып, жоғары білімдегі жасанды интеллекттің болашағы негізгі тақырып болды.

Виталий – ҚӨУ-дің инклюзивті білім беру орталығының белсенді серіктесі әрі кеңесшісі.

Дайындық кезеңінде ол Мальта, Польша, Ұлыбритания және Малайзиядан келген мамандармен бірге «Шекарасыз AI» атты оқу курсын әзірледі.

Бұл бағдарлама ерекше оқу қажеттіліктері бар студенттер мен инклюзивті ортада білім алатын ересек адамдарға жасанды интеллектті практикалық деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығы осы бағдарламаны университетімізде қолдану бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Қабылдау комиссиясы