Каспий ЖОО-мен тәжірибе АЛМАСУ

Baitursynuly University-ге ішкі академиялық ұтқырлық аясында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің (Ақтау қ.) профессоры келді.

Профессор Ғалия Бермұхамедова 11 ақпанға дейін ҚӨУ-нің экономика және қаржы кафедрасында студенттерге дәріс оқып, өзінің кәсіби, ғылыми және педагогикалық тәжірибесімен әріптестерімен бөліседі.

Baitursynuly University мен Yessenov University арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум оқытушылармен, студенттермен алмасуды, ғылыми-зерттеулер, өндірістік тәжірибелер мен тағылымдамадан өтуді қамтамасыз етуді, бірлескен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде қос дипломды бағдарламаларды әзірлеуді және академиялық кездесулер мен конференциялар ұйымдастыруды бірлесіп өткізуді көздейді.

Ғалия Берікқызының сапарының мақсаты – меморандумға сәйкес ҚӨУ оқытушыларымен тәжірибе алмасу арқылы оқыту сапасын арттыру, сонымен қатар экономика, қаржы, жоғары білім беру педагогикасы салаларындағы кәсіби құзыреттерді кеңейту.

Қабылдау комиссиясы