Әлемдегі МЫҚТЫ университеттердің тәжірибесі

Ректор Сейітбек Қуанышбаев бастаған Baitursynuly University-нің делегациясы қазір Лондонда.

Онда ертең білім беру технологиясы мен оқудың болашағына арналған дүниежүзіндегі ең ірі көрме – British Educational Training and Technology Show 2026 ашылады.

Бүгін біздің ректор Lenovo компаниясының шақыруымен Ұлыбританияның жетекші университеттері – Buckinghamshire New University мен Imperial College London-да болды.

Аталған оқу орындары – ақпараттық технологияларға, жасанды интеллектке және киберқауіпсіздікке, сондай-ақ STEM саласындағы озық зерттеулер мен инновацияларға маманданған әлемдегі беделді және қуатты университеттердің бірі.

Бұл әлемнің мықты ЖОО-ның тәжірибесін үйренудің бірегей мүмкіндігі.

Қабылдау комиссиясы