Бүгін ҚӨУ-де ҚЫСҚЫ мектеп жобасының аясында «Рецензияланатын журналдарда (ККСОН, Scopus, Web of Science) ғылыми мақалаларға қойылатын талаптар» атты семинар өтті.
Семинардың мақсаты – ККСОН, Scopus және Web of Science (WoS) жүйелерінде мақаланы бағалаудың логикасын түсіну, авторлық қателерді болдырмау.
Ғылыми басылымды таңдағанда назар аудару керек тұстар, ғылыми мақаланың профилін қалай анықтауға болады? Мақаланың құрылымын қалай құру қажет? Осы және өзге де сұрақтарға семинарға қатысушылар жауап алды.
Ғылыми мақала – академиялық мансаптың негізгі құралы. Ғалымдар ҚР Білім және ғылымды бақылау комитеті (ККСОН) ұсынған тізімдегі журналдарда немесе Scopus/WoS халықаралық ғылыми деректер базасында мақалаларын жариялайды.
Мұндай ғылыми жұмыстар диссертация қорғау барысында, біліктілікті арттыруға, сондай-ақ гранттарға қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін және ЖОО-ның ғылыми рейтингтерін қалыптастыруға көмектеседі.
Бүгін ғылым және коммерцияландыру бөлімінің әдіскері Ольга Сисина KKSON басылымдарының тізімімен, Scopus/WoS халықаралық ғылыми деректер базасымен жұмыс істеу ережелерімен таныстырып, мысал ретінде шағын кейстерге тоқталды, журналдың ғылыми маңыздылық деңгейін анықтау жолдарын түсіндірді.





