ТДМ

ПРАКТИК-мамандармен пайдалы кездесу

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің студенттері университет пен Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы арасындағы ынтымақтастық аясында, сондай-ақ өскелең ұрпақпен жүргізілетін тәрбиелік жұмыс шеңберінде ұйымдастырылған екі мазмұнды кездесуге қатысты.

Іс-шараның бастамашысы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканаты болды.

Іс-шара қонақтары:

Іс-шара барысында факультет деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Алибек Табулденов кіріспе сөз сөйлеп, мұндай кездесулердің студенттердің кәсіби қалыптасуы мен тұлғалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Өз баяндамасында Мырзабек Сардарбекұлы деструктивті діни ағымдардың қызметі, олардың идеологиясы, сондай-ақ осындай құрылымдарға тартудың ықтимал салдары мен жауапкершілігі туралы жан-жақты айтып өтті.

Ал Александр Сергеевич теориялық біліммен қатар практикалық тәжірибеге сүйене отырып, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершіліктің негізгі аспектілерін кеңінен түсіндірді.

Кездесулер іскерлік әрі сындарлы форматта өтті. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өзекті мәселелер бойынша толық әрі нақты жауаптар алды. Бұл кездесулердің шын мәнінде пайдалы, мазмұнды және есте қаларлықтай өтуіне ықпал етті.

Қабылдау комиссиясы