Бүгін Baitursynuly университетінде Logo бағдарламасының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
ҚӨУ студенттері мен оқытушылары Hohenheim университетінен (Штутгарт қ., Германия) келген Hartwig Mennen мен Marina Pohl-мен кездесті.
Қонақтар бағдарлама туралы егжей-тегжейлі баяндап, ҚӨУ-дің аграрлық бағыттағы студенттері Германияда жарты жылдық тәжірибеден өте алатынын хабарлады.
Студенттер барлық сұрақтарына нақты жауап алды. Біз жастарымыздың шетелдік тәжірибе кезінде өздерін керемет деңгейде көрсететініне сенімдіміз.
Baitursynuly University Германиямен тығыз академиялық байланыс орнатқан.
GreenAgro жобасы сәтті жүзеге асырылды. ҚӨУ ғалымдары осы халықаралық жобаның жұмыс тобы құрамында болып, ауыл шаруашылығының «жасыл» технологиялар бағытында тағылымдамадан өтті.




