object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-21 16:11:32.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ӨҢІРДІ ДАМЫТУ? Жасалды!

Baitursynuly University директорлар кеңесінің төрағасы Данат Жуминнің кезекті кездесуі брейншторминг форматында өтті.

Ауыл шаруашылығы, машина жасау, IT бағыттарындағы білім алушылар мен ҚӨУ Smart-орталығының стартаперлеріне Данат Есболұлы топтарға бөлінуді ұсынды.

- Біздің өңірді дамытыңдар! Оны ең алдыңғы қатарлы ету үшін не істеу керек? – деп студенттерге тапсырма берді.

Бұған қоса, қатысушыларға өз идеяларын санаулы минуттар ішінде жасанды интеллекттің көмегімен презентацияға айналдыру қажет болды.

Біздің студенттер бұл тапсырманы сәтті орындады!

Ұсынылған идеялар қатарында:

Керемет идеялар! – деп қорытындылады Данат Есболұлы. – Осы кездесуден сабақ алыңыздар. Уақыттың қысымы жылдан-жылға арта түседі. Онымен жұмыс істеуді үйреніңіздер.

Нұсқаулық күтпеңіздер. Үлкен өмірде олар болмайды. Қазір ұзақ мерзімді нақты жоспар жасау мүмкін емес. Өздеріңізге мақсат қойып, өздеріңіз шешім қабылдаңыздар.

Қателесуден қорықпаңыздар. Ең бастысы — әрекет ету. Қате жасасаңыз, оны түзетіп, келесіде жақсырақ жасауға болады. Ал әрекетсіздік — ең үлкен кедергі. Іске кірісіңіздер! Өзіңізге сеніңіздер.

Қазір университеттің болашағын талқылап жатырмыз.

Уақыт өзгеруде, соған сай тәсілдер де жаңаруы тиіс.

Қазіргі таңда біліммен қатар, қарым-қатынас та маңызды.

Университет алаңында араласыңыздар, бірлесіп болашағы бар жобалар жасаңыздар.

Сәттілік тілеймін!

Қабылдау комиссиясы