«ҚұтқаруТУРАЛЫ» білу – МАҢЫЗДЫ

ҚӨУ-нің педагогикалық институтының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жарысқа үлкен қызығушылықпен қатысты.

«ҚұтқаруТУРАЛЫ» (PROспасение) – бұл шараны Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасы ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – болашақ педагогтардың жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсетуге дайындығын тексеру. Білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес, мұғалімдерге балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау жауапкершілігі жүктеледі, яғни олар алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеруі тиіс.

Жарысқа педагогикалық институттың барлық кафедраларының студенттері қатысты, барлығы сегіз команда құрылды. Қатысушылар келесі кезеңдер бойынша бақ сынады:

Барлық кезеңдерден кейін қазылар алқасы сайысты қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады:

Аталған іс-шара болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға маңызды үлес қосты. Жарыс барысында студенттер жоғары дайындық деңгейін ғана емес, сондай-ақ ұйымшылдық пен бір-біріне қолдау көрсете білетіндіктерін де дәлелдеді.

Қабылдау комиссиясы