object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-19 06:23:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Психология пәні бойынша ашық сабақ

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Айна Рахматулина «Аударма ісі» мамандығының студенттерімен «Психология» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы - «Әлеуметтік шиеленістердің табиғаты мен себебі».

Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің қақтығыстардың негізгі түрлері мен себептері туралы түсініктерін кеңейту, сонымен қатар оларды шиеленісті жағдайлардан шығудың әртүрлі жолдарымен таныстыру.

Сабақ барысында студенттердің белсенді ізденіс әрекетін талап ететін жағдаяттар құрастырылды. Басында студенттер шағын бейнематериалды көріп, сол арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері анықтады. Келесі кезекте студенттер практикалық жаттығулар бойынша кластер құрып, шағын топтарда жұмыстарын ұсынды. Оларға талқылауды қажет ететін шиеленісті жағдайлар және оларды шешу жолдары ұсынылды, олар бір-бірінің көмегімен түрлі жағдайлардан сәтті шыға білді.

Сабақ соңында студенттер Kahoot платформасында сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін бекітті.

Ашық сабақты педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы Гүлнәр Сатқанғұлова мен студенттер жақсы бағалап, оқуды ұйымдастыру формасының тиімділігі жоғары екенін көрсетті. Мұндай сабақтар студенттерден проблемалық сипаттағы тапсырмаларды орындау барысында танымдық іс-әрекеттерін арттыруын, білім беру мәселелерінің шешімін өз бетінше іздеуді талап етеді, білім алушылардың шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік береді.

Қабылдау комиссиясы