А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де түрлі ұйымдар өкілдерінің және «Психология» мамандығының 3-4 курс студенттерінің қатысуымен «Болашақ психологтың негізгі құзыреттіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы – Психология кафедрасының аға оқытушысы, психология-педагогика ғылымдарының магистрі Олеся Елчищева.
Шақырылған қонақтар:
Дөңгелек үстелде мынадай маңызды мәселелер талқыланды: бәсекеге қабілетті маман болу үшін психологтар қандай білім, білік және дағдыларды игеруі керек? Табысты маман болу үшін қандай жеке ерекшеліктер қажет? Түлектер қандай ұйымдарда жұмыс таба алады және олар қандай салаларда сұранысқа ие болады? Түлектер қандай қызмет бағытын таңдау керектігін қалай анықтай алады?
Қонақтар дөңгелек үстел тақырыбы бойынша қызықты баяндамалар ұсынды, өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар студенттерге белгілі бір бағыттағы жұмыстың ерекшеліктеріне назар аударуды және кәсіби мақсаттарын жүзеге асыра алатын саланы таңдауды ұсынды.
Студенттер мамандарға сұрақтар қойды. Ең көп қойылған сұрақ - диплом алғаннан кейін қайда және қалай жұмыс іздеу керек, үміткерлерге қандай талаптар қойылады, ол ұйымдарда тәжірибеден қалай өту керек деген сұрақтар болды. Тәжірибелі психологтар студенттермен қажетті ақпаратпен бөлісті, сонымен қатар жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берді.