Озық тәжірибелерді ДАМЫТУ және ІСКЕ ЕНГІЗУ

Baitursynuly University делегациясы университет ректоры Сейтбек Қуанышбаевтың бастауымен «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары» атты республикалық форумға қатысты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған бұл алқалы жиын Nazarbayev University базасында өтті.

Ауқымды форумға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, халықаралық сарапшылар, сондай-ақ білім сапасын бағалау мен аккредиттеу саласының мамандары жиналды.

Форумның алғашқы күні QAA, ASIIN және НААР аккредиттеу агенттіктерінің қатысуымен халықаралық воркшоптар ұйымдастырылды.
Онда университеттердің халықаралық аккредиттеуге дайындалу үдерістері мен сапа мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Екінші күні өзекті тақырыптарды терең әрі тәжірибеге негізделген форматта қарастыруға арналған тақырыптық сессиялар өтті.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар білім сапасын қамтамасыз ету тетіктерін одан әрі жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және шетелдік озық тәжірибелерді ұлттық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Қабылдау комиссиясы