object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 10:57:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

SAGRIS жобасы аясындағы семинар

6-10 маусым аралығында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Тұрақты ауыл шаруашылығы және болашақ ауылшаруашылық жүйелері бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру» SAGRIS халықаралық жобасы аясында «Климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдік және мал шаруашылығы жүйелері» 2 модулі бойынша екінші блок-семинар өтті. Семинарға Алматы қаласындағы ҚазҰАЗУ, Нұрсұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, Орал қаласындағы Жәңгірхан атындағы БҚАТУ сияқты серіктес университеттердің өкілдері қатысты.

Семинар қатысушылары үшін университеттің жетекші зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды, «Садовод» шаруа қожалығында шаруашылық басшысы Виктор Симаненконың қатысуымен көшпелі сабақ өтті, еуропалық әріптестердің баяндамалары оқылды, онда климаттың өзгеруі жағдайында өсімдік шаруашылығы туралы мағлұматтар берілген. Сондай-ақ Гүлнар Юнусова тамақ қалдықтары бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.

Семинардың қорытынды кезеңінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және экология саласындағы мүдделі тараптарды тартумен дөңгелек үстел өткізілді. Мүдделі тараптардың өкілдері: «Александровское» ЖШС директоры Андрей Двуреченский, «Солтүстік Қазақстан егіншілік ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нен Данияр Жантілеуов, «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» сүт-тауарлы фермасының бас директоры Фарид Абитаев, «Олжа Агро» серіктестігінің өкілі Руслан Гарайханов және «Агрогенетикс» ЖШС-нен Жадыра Байділдина.

Блок-семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қабылдау комиссиясы