object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 07:05:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Әскери ант қабылдады!

Биыл әскери кафедра құрылғаннан бері, алғаш рет запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша дайындалған студенттер әскери кафедраны тәмамдайды. Олардың барлығы соңғы емтихандарын сәтті тапсырып, білімдерін дәлелдеді. Осылайша, Қазақстан Республикасының әскери даярлықтан өткен резерві запастағы қырық сержантпен толықты.

Бүгін туыстары мен жақындарының және кафедра бастығы м.а., запастағы подполковник Жәкен Еркеновтің қатысуымен студенттер салтанатты түрде ант берді! Қатардағы әрбір курсант жолдастарының алдында Қазақстан халқына, оның заңды сайланған Президентіне адал болуға ант берді.

ҚӨУ-нің стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры м.а. Арман Исмаилов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері Сергей Ильченко, студенттік взвод командирі Кирилл Любенко әскери кафедра студенттерін құттықтады.

Қабылдау комиссиясы