object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-20 17:07:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Солтүстік Қазақстандағы «Білім жәрмеңкесі»

28 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданының білім бөлімі ұйымдастырған «Білім жәрмеңкесіне» Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қарлығаш Нұрмұхаметова мен Жастар ісі комитетінің бас маманы Байболат Сегізбаев қатысып, мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар берді. Салтанатты шараға Ғ. Мүсірепов ауданының барлық мектептерінің оқушылары қатысты. Оқу ордамыздың өкілдері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі білім бағдарламалары, жетістіктері, жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жайлы оқушыларға ақпарат берді, талапкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Олардың айтуынша, ҚӨУ-не оқуға түсуге ниетті талапкерлер көп болды дейді.

Қабылдау комиссиясы