28 ақпан мен 5 наурыз аралығында ҚӨУ-нің оқытушысы қырғызстандық студенттерге «Стартаптың бизнес-моделі», «Стартаптағы маркетинг» және «Сату стратегиясы» тақырыптарында дәрістер оқыды.
Сабақ барысында стартап-жобаларды дамытудағы заманауи тәсілдер, маркетингтік стратегияны қалыптастыру және бизнесті тиімді ілгерілету жолдары қарастырылды.
Сапар аясында Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Алайбек Шамшиев қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушыларымен – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ серіктестік байланыстарды нығайту мен ғылыми-білім беру тәжірибесімен алмасу мәселелерін талқылады.



