Телемост форматында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің 14 өңірінде, 15 жоғары оқу орнында бір мезетте Tomorrow School желісінің ресми ашылуын жариялады.
Жоба Astana Hub бастамасымен, ҚР Президентінің жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.
Қостанайдағы мектеп 50 заманауи компьютермен жабдықталған және 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді қабылдауға дайын.
Ол үшін іріктеуден өту қажет:
Іріктеу мерзімдері мен талаптары туралы қосымша хабарланады.
Tomorrow School-дың басты артықшылығы – жасанды интеллект саласында толықтай тегін білім алу мүмкіндігі.
Оқу процесі 01 Edu платформасында өтеді және peer-to-peer қағидатына негізделген. Бұл – студенттер бір-бірінен үйренеді, дәстүрлі лекциялар мен оқытушылар жоқ деген сөз.
Бағдарламалау тәжірибесі болмаса да, мұнда IT саласына қадам жасауға болады.
Қатысушылар келесі сұранысқа ие бағыттарды таңдай алады:
Оқу ұзақтығы – 18 ай. Осы уақыт ішінде студенттер 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, Golang, Rust, JavaScript, Python және басқа да 20-дан астам бағдарламалау тілдерін меңгереді.
Оқу форматы барынша икемді: мектеп 24/7 режимінде жұмыс істейді, әр студент өзіне ыңғайлы оқу кестесін өзі қалыптастырады.



