Қаржылық сауаттылықты ЖАТТЫҚТЫРУ

«Қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық мониторинг органдарының қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру» форумі Baitursynuly University өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылғанына 4 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

- Білесіздер, халықтың қаржылық сауатсыздығы адамдарды алаяқтық схемалар мен қаржылық пирамидалардың құрбанына айналдыруға әкеледі, - деді Қостанай облысы экономикалық тергеулер Департаментінің басшысы Асқар Абенов.

- Сондықтан құқықтық ақпараттық мәдениетті қоғамда насихаттау – біздің басты назарымыздағы мәселе. Бүгін біз ҚӨУ-де облыстың жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін жинадық. Алған ақпараттарыңызды жақындарыңызбен, туыстарыңызбен және достарыңызбен бөлісе аласыздар.

Форумда тергеушілер мен сарапшылар құмар ойындарымен күрес, дропперлер, синтетикалық есірткілер мен вейптардың таралуы, сондай-ақ қаржылық пирамидалар мен басқа да алаяқтық ұйымдар туралы семинар-тренинг өткізді.

Алынған білімдерін жастар интеллектуалдық сайыста көрсетті, онда студенттер қаржылық сауаттылық туралы сұрақтарға жауап берді.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! ҚӨУ ұжымы, біз сіздермен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы