Abdullah Karasu – өсімдік шаруашылығы саласының білікті маманы.
Биылғы академиялық сапары барысында ол ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің «Агрономия» білім беру бағдарламасының студенттеріне дәріс оқып, магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеулер бойынша кеңес береді.
ҚӨУ оқытушыларымен бірлескен жұмыс – профессордың сапары аясындағы маңызды бағыттардың бірі.
Ол педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізіп, Baitursynuly University ғалымдарымен бірге ғылыми мақалалар дайындауды жоспарлап отыр.
Түркиялық ғалымның келуі – студенттер мен оқытушылар үшін халықаралық тәжірибе алмасып, кәсіби білімдерін толықтыруға берілген маңызды мүмкіндік. Мұндай академиялық байланыстар заманауи ғылыми бағыттарды меңгеруге және бірлескен зерттеулерді дамытуға жол ашады.
Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті – шетелдік ғалымдарды тарту бойынша университеттің белсенді факультеттерінің бірі.
Шетелдік профессорлардың тұрақты түрде келуі білім беру мен ғылым үдерісінің ажырамас бөлігіне айналып, университеттің халықаралық академиялық байланыстарын кеңейте түсуде.
Abdullah Karasu ҚӨУ ұжымы тарапынан көрсетілген қонақжайлыққа ризашылығын білдірді.
Алдағы уақытта серіктестік байланыстарды кеңейтіп, екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасуға ықпал етпекші.
Айта кету керек, Uludağ University – Түркияның 200-ге жуық жоғары оқу орнының арасынан үздік 20 университеттің қатарына кіреді.



