object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-19 22:35:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

КОРЕЙ ТІЛІН ҮЙРЕНУ - КЕЛЕШЕГІ ЗОР ТАҢДАУ

Baitursynuly University базасында корей тілін меңгергендерге арналған өңірлік байқау өтті.

Корей тілінде сөйлеу байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық Сечжон король атындағы институттарда өткізіледі.

– Біздің институт ҚӨУ-де небәрі бір жыл жұмыс істеп келеді, бірақ бұл мүмкіндікті студенттер мен тыңдаушылар үшін жіберіп алмауды жөн көріп, біз де қатыстық – дейді Сечжон король атындағы корей тілі мен мәдениеті институтының жетекшісі Нагима Манасбаева.

Байқауға қатысушылар екі апта бойы оқытушы Lee Chihoon-мен жеке режимде, тегін түрде айтылымдарын жетілдірді.

Байқау 15 мамырда – Сечжон корольдің туған күнінде өтті. Айта кетейік, дәл осы тұлға корей әліпбиі мен жазуының негізін қалаған.

– Қостанайда корей тілінің маңызы мен әсері қазір ерекше сезіледі, – дейді Нагима Шотбаевна. – Өңірге KIA сауда маркасы мен олардың серіктес компаниялары келгелі бері бізге жиі жүгінеді, оларға корей тілін білетін нағыз мамандар қажет. Ал біз көмектесіп жатырмыз!

Мысалы, корей тілін үйреніп жүрген тыңдаушыларымыздың бірі, ҚӨУ студенті оңтүстіккореялық KCC корпорациясында (химия және автодетальдар шығаратын компания) жұмысқа кірісті.

Корей тілін меңгерген ҚӨУ студенттері шетелде тағылымдамадан өтіп, жоғары жалақылы жұмыс орындарына ие болуда.

Корей тілін меңгергендерге арналған өңірлік байқаудың жеңімпазы – ҚӨУ студенті Елдана Мурат. Ол енді Қостанай атынан 156 мектеп арасындағы байқауға қатысады.

Әлемдік финал жеңімпазына Корея университетінде оқу үшін грант табысталады.

Сонымен қатар жеңімпазды Оңтүстік Кореяға мәдени тур күтіп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, ҚӨУ-дегі тегін корей тілі курстары облыс тұрғындарының барлығына қолжетімді!

Қабылдау комиссиясы