Практиканттар – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің психология кафедрасының соңғы курс студенттері. Тәжірибе аясында олар экономика және құқық факультетінің 1 курс студенттері тобымен зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Бұл топтың ерекшелігі – қаңтар айынан бастап онда инклюзивті тәсілді қажет ететін студент қыз білім алуда. Университеттің деканаты мен барлық мүдделі қызметтерімен бірге студентке қолайлы, кедергісіз орта қалыптастыру және оны оқу процесіне күндізгі форматта толыққанды кіріктіру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Мұнда инклюзияның «Бәрі бір-біріне қажет» принципі іске асырылуда.
Болашақ психологтар ҚӨУ Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау орталығының әдіскері Дархан Мустафиновтың жетекшілігімен жаңа студенттің оқуға бейімделуіне көмектесу, сондай-ақ студенттік ұжымдағы өзара қарым-қатынастың оң динамикасын қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізуде.



