ҚӨУ-нің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында жұмыс берушілермен кездесу өтті.
Дөңгелек үстел аясында кафедра оқытушылары болашақ журналистер мен медиамамандарды даярлаудағы өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар журналистикадағы жасанды интеллектті этикалық тұрғыда пайдалана білу, сондай-ақ PR-мамандарына арналған жаңа білім беру бағдарламасын іске қосу барысы талқыланды. Кездесуге қатысқан тәжірибелі PR-мамандар жаңа оқу пәндерін қарастыруды ұсынды.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
Кафедраның оқытушылары minor (қосымша пәндер), статистикалық мәліметтер мен жүзеге асырылып жатқан PR жобалары, кәсіби және шығармашылық шеберханалардың ерекшеліктері жайында баяндап берді.
Жұмыс берушілер студенттердің жоғары әлеуетін атап өтіп, ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін айтты. Қатысушылар ашық диалог пен бірлескен жобалар білім беруді тәжірибеге бағыттауға және заманға сай дамытуға көмектеседі деген тұжырымға келді.
