Baitursynuly University өкілі Витаутас университетінде (Каунас қаласы, Литва) өткен дәріс барысында студенттерге Қазақстан туралы айтып берді.
Интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық басқармасының басшысы Нагима Манасбаева Erasmus+ бағдарламасының International Staff Week апталығында елімізді таныстырды.
Интернационалдық аптаға 50-ден астам елден келген 147 адам қатысты.
Нагима Шотбаевна Erasmus+ бағдарламасы аясында литвалық студенттер мен магистранттарға ағылшын тілінің грамматикасы мен әдебиетін оқытты.
Сабақ барысында әртүрлі құрылымды тілдердегі диминутивті адъективтердің прагматикалық ерекшеліктері туралы зерттеу нәтижелерімен де бөлісті.
– Сыртқы академиялық ұтқырлық арқылы әрдайым жаңа тәжірибе жинаймыз, – дейді әріптесіміз. – Литвалық студенттерден: «Қазақстан туралы не білесіздер?» – деп сұрадым. Бірден: «Сіздерде екі астана бар!» – деген жауап алдым.
Мен еліміз туралы әңгімелеп бердім. Оларды Қазақстанның орасан зор аумағы және теңіз болса да, оған шығатын тікелей жолдың жоқтығы таңғалдырды.
Сондай-ақ, литвалықтарға біздің шоколадымыз қатты ұнады. Өзіміздің фабриканың шоколадын ұсына отырып, Баян Сұлу мен Қозы Көрпеш жайлы аңызды, Қазақстандағы ғашықтар күні туралы айтып бердім.
Литвада академиялық ұтқырлық бойынша оқып, жұмыс істеп жүрген студенттеріміз бен ҚӨУ профессоры Александра Тегзамен кездескеніме өте қуаныштымын.