Ағылшын тілінде ЕРКІН сөйле

Baitursynuly University-де «LET’S TALK!» Speaking Club-ы ашылды.

ҚӨУ-нің машина жасау, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінде ағылшын тілінің «LET’S TALK!» сөйлесу клубы өз жұмысын бастады.

Клуб факультет оқытушылары мен қызметкерлеріне ағылшын тілін практикада қолдануға, еркін қарым-қатынас жасауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ америкалық мәдениет пен білім беру дәстүрлерімен танысуға қолайлы орта қалыптастыруды мақсат етеді.

Сабақты университетте халықаралық Fulbright бағдарламасы аясында жұмыс істеп жүрген АҚШ-тан келген оқытушы Александр Дворниковский жүргізеді.

Алғашқы кездесу танысу және еркін әңгімелесу форматында өтті. Қатысушылар оқытушының академиялық және кәсіби тәжірибесі, өзі қызмет ететін университеті, сондай-ақ оның Қазақстандағы өмірі мен жұмысы туралы әсерлерімен танысты. Сонымен қатар алдағы кездесулердің форматы мен қатысушыларға қызықты тақырыптар айқындалды.

«LET’S TALK!» клубының басты идеясы – ағылшын тілінде қателесуден қорықпай сөйлеуге мүмкіндік беретін орта қалыптастыру. Мұнда қатысушылар сөйлеу дағдыларын біртіндеп жетілдіріп, ағылшын тілінде еркін әрі сенімді қарым-қатынас жасауға машықтанады.

Кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, онда ағылшын тілінде сөйлесу практикасы, өзекті тақырыптарды талқылау, АҚШ-тың мәдениеті мен білім беру дәстүрлерімен танысу, пікір және тәжірибе алмасу ұйымдастырылады.

LET’S TALK! – ағылшын тілін практикада қолдануға, қарым-қатынас аясын кеңейтуге және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашуға жол беретін орта.

Қабылдау комиссиясы