Болашақ әріптестеріне медиа кеңістікте есімдері елге танымал, кәсіби деңгейі биік сала мамандары қонаққа келді:
Кездесу «еркін микрофон» форматында ұйымдастырылып, ашық пікір алмасуға ұласты. Жиын барысында қатысушылар шынайы тәжірибемен бөлісіп, көптен толғандырған күрделі сауалдарға нақты әрі ашық жауап алды.
Студенттерді мамандықтың қыр-сыры, болашақ мансап жолындағы мүмкіндіктер мен кәсіби өсу кезеңдері ерекше қызықтырды.
Кездесу барысында үш негізгі тақырып арқау болды:
Жүздесу тек құрғақ теориямен шектелген жоқ. Түлектеріміз өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындары туралы өзекті ақпараттармен бөлісіп, еңбек нарығы сауатты да өршіл мамандарға әрдайым зәру екенін аңғартты.
Кафедраның аға оқытушысы Гүлшат Марқабаева атап өткендей, мұндай тәжірибелі мамандармен кездесу – бір реттік шара емес, бұл студенттерді нарық талаптарына сай болуға баулитын жүйелі жұмыстың бір бөлшегі.
Өз кәсібінің майталмандарына айналған қонақтарымызға алтын уақыттарын бөліп, тәжірибелерімен бөліскені үшін шексіз алғыс білдіреміз!



