Міндет – ТИІМДІ басқа

Бүгін ҚӨУ-де «Қысқы мектеп» жобасы аясында кафедра менеджментіндегі өзекті мәселелерге арналған «Академиялық басқару» атты семинар өтті.

Іс-шараға университет кафедраларының меңгерушілері қатысты.

Семинарда кафедраның кадр саясатының негізгі аспектілері, кафедра меңгерушісі қызметінің нормативтік-құқықтық базасы, сондай-ақ түрлі тексерулер мен аккредиттеу іс-шараларына дайындық мәселелері қаралды.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, біліктілік талаптарын, оқытушыларға қойылатын кәсіби стандарттарды, университеттің жергілікті нормативтік құқықтық актілерін қолданудың практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылау барысында кафедра меңгерушісі оқу үдерісінің заңдылығы мен сапасын қамтамасыз етудегі негізгі басқару буыны екені атап өтілді.

Кафедра меңгерушісі оқу жүктемесінің дұрыс бөлінуіне, оқытушыларды пәндер мен дәрістерді оқуға жіберуге, конкурстық тәртіптің сақталуына, еңбек шартының болуы және оның жарамдылығын қадағалауға, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға жауапты.

Сондай-ақ, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын жүзеге асыруда ғылыми дәрежені, негізгі жұмыс орны және практикалық тәжірибесі бойынша белгіленген пайыздық көрсеткіштерді сақтау жауапкершілігі де кафедра меңгерушілерінің құзырында.

Персоналды басқару бөлімінің бастығы Елена Книга, академиялық саясат және оқу қызметі басқармасының жетекшісі Гүлнар Исмаилова, сонымен қатар оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің бастығы Аягөз Бексұлтанова баяндама оқып, практикалық кейстерімен бөлісті.

Семинар белсенді кәсіби диалог форматында өтті, сондай-ақ тәжірибе алмасу, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі ағымдағы басқару тәжірибесін талқылау үшін тиімді алаң болды.

Семинар қатысушыларға алған білімдерін қызықты түрде тексеруге және бекітуге мүмкіндік беретін жүлделі интерактивті Kahoot ойынымен аяқталды.

Қабылдау комиссиясы